Ресейлік зейнеткер Қазақстанның қазынасына 3,5 млн теңге қайтарады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2003 жылдан бері Қазақстаннан зейнетақы алып келген РФ азаматшасы Лидия Литвиноваға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әйел ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деп танылды. Оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы бекітілді. ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, оның жазасы шартты болып тағайындалды», - деп хабарлады сотта.

Литвинова құзіретті меморганға ескертусіз тұрақты мекенжайын ауыстырмауы тиіс және рұқсатсыз басқа жерге шығуға болмайды. 

«Азаматтар үшін үкімет» корпорациясының материалдық залалды өндіру туралы өтініші толық көлемде қанағаттандырылды. Нәтижесінде, Литвинова республикалық бюджетке 3 млн 438 мың 718 теңге төлейді.

Еске салайық, Ресей Федерациясының азаматшасы бөтеннің мүлкін алдау арқылы иемденді деп айыпталды.

«Әйел 2000 жылдан бастап РФ Челябі облыстық зейнетақы қорының бөлімінде есепте тұр және зейнетақы алып келген. Яғни, ол Қазақстанда зейнетақы ала алмайды.

Алайда, 2003 жылы зейнетақы жасына жеткен соң, Л. Литвинова Қостанай облыстық «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясының бөліміне оған зейнетақы тағайындау туралы өтініш білдірген», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Ол зейнетақыны 2003-2018 жылдары заңсыз алып келген. 

Соңғы жаңалықтар