+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ресейлік вирусолог үнді штамын жұқтырғандар арасындағы жаңа симптом туралы айтты

2021 жылғы 19 шілде 10:33
Бөлісіңіз:
Ресейлік вирусолог үнді штамын жұқтырғандар арасындағы жаңа симптом туралы айтты

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Иіс және дәм сезу қабілеттерінің бұзылуы коронавирустың дельта нұсқасын жұқтырған науқастардың азында ғана байқалады. Науқастарда көбіне асқазан-ішек ауруларының белгілері анықталған. Бұл туралы ресейлік вирусолог, Новосібір мемлекеттік университетінің (НМУ) биотехнология, микробиология және вирусология зертханасының меңгерушісі Сергей Нетесов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да Covid-19 инфекциясын жұқтыру 12 пайызға төмендеді Павлодарда бес жасар баладан COVID-19-дың нигериялық штамы табылды Қазақстандық QAZVAC вакцинасы «Дельта» штамынан тиімді қорғайды - зерттеу

«Бір симптомдардың үлесі көтеріліп, басқа симптомдардың үлесі азаюда. Дельта нұсқасын жұқтырған науқастар арасында иіс және дәм сезу қабілетінің бұзылуы аз байқалады, алайда асқазан-ішек ауруларының белгілері көбірек кездесе бастады», - деді вирусолог штамның жаңа симптомдары туралы қойылған сұраққа жауап ретінде.

Нетесовтің айтуынша, бұл S ақуызының рецепторлық байланыстырушы доменінің құрылымының өзгеруінен болып отыр. Соған сәйкес, оның жасушаларға әсер ету ерекшелігі де өзгеріске түскен. «Байқауымызша, олар бір-бірімен тығыз байланыста. Мұндай жасушалар өкпеде де, қан тамырларының қабырғаларында да, ішекте де кездеседі. Симптомдардың ауысуы осыған байланысты болуы әбден мүмкін», - деп қосты ол.

Вирусолог дельта штамының ағзада тез көбейетіні бұған дәлел бола алатынын атап өтті. «Бұны көп елдердің коронавирус бойынша деректері растай алады. Сол себепті де вакциналау қарқыны жоғары елдер де зардап шегуде», - деп түсіндірді Нетесов.

Еске салсақ, пандемия басталғаннан бері әлем бойынша 190,1 млн адам коронавирус жұқтырып, одан 4 млн-нан астамы көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT