Ресейлік үш мас ер адам Мәскеу-Ереван ұшағы бортында жанжал шығарған

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Шамамен сағат 03:40-та «Звартноц» әуежайының «Барс» күзет қызметінен Мәскеуден Ереванға бағыт ұстаған ұшақтың бортында тәртіп бұзған жолаушы бар екені туралы хабар түскен, деп хабарлайды Арменпресс.

Оқиға орнына келген жедел қызметкерлер Ресей Федерациясының үш азаматы Антон Н. (1982 ж.туған), Алексей И.(1987 жылы туған) және Александр Ф. (1967 ж.туған) ішіп алып, мас күйінде жанжал шығарғанын, бір-бірін балағаттағанын анықтады.

Тәртіп бұзған жолаушыларды «Звартноц» әуежайының желілік полиция бөліміне алып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар