Ресейлік тұрғын Ақтөбедегі архивтен атасының фотосуретін тапты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ресейдің Новосибирск қаласының тұрғыны Роман Завадовский атасы туралы ақпарат алу үшін Ақтөбеге келді. Облыстық полиция департаментінің мұрағатынан 20 фотосурет табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 жастағы Роман Завадовский әулеті туралы ақпарат дайындап, шежіресін білмек болған. Атасы Иван Завадовский туралы мәліметті «Мемориал» сайтынан іздеген. Барлық ақпарат Ақтөбе облысынан ғана табылды. Екі рет ресми хат жазып, сұрау салғанымен жауап болмады. Ол ойлана келе атасы туралы ақпарат алу үшін өңірге келді. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің архивінен 20 фотосурет табылды.

«Арғы атамыз туралы ақпарат, фотосурет табылды. Бұл қуанышты жаңалық. Фотосуреттері де жақсы сақталған. Тез әрі сапалы қызмет көрсеткен полицияға алғыс айтамын», - деді Роман Завадовский.

Айта кетейік, Иван Завадовский 1891 жылы Туруханск өлкесінде дүниеге келген. Ол Қандыағаш стансасында еңбек етті. 1941 жылы репрессияға ұшырап, ату жазасына кесіліп, мүлкі тәркіленді. Ал 1942 жылы 6 ақпанда үкім күшіне енді. СССР Жоғары кеңесінің бұйрығымен 1989 жылы Иван Завадовский ақталды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Айдос Нагин Роман Завадовскийге құнды құжаттарды беріп, кейін Түйетөбеге апарды. Дәл осы жерде оның арғы атасы жерленуі мүмкін.

«Өткен жылы облыстық полиция департаментіне 473 хат түсті. Оның тең жартысына жуығы репрессияға ұшырағандардың туыстары, ұрпағы, ғылыми-зерттеу жұмысын қолға алғандар мен қоғамдық ұйым өкілдері, музейлер», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.



Соңғы жаңалықтар