+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Ресейлік теннисші Елена Веснинаның Олимпиададан жеңіп алған медальдары ұрланды

2021 жылғы 12 қыркүйек 20:07
Бөлісіңіз:
Ресейлік теннисші Елена Веснинаның Олимпиададан жеңіп алған медальдары ұрланды

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы және Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, ресейлік теннисші Елена Веснинаның Мәскеу маңындағы үйі тоналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 10 мыңға жуық қылмыс көшедегі бейнебақылаудың көмегімен ашылған Апта ішінде елімізде 3 125 қылмыс жасалды - ІІМ Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон азаматтарды ревакцинациядан өтуге шақырды

Спортшының айтуынша, оның үйіндегі сейфті бұзып, қымбат бұйымдар мен Олимпиада мельдарын алып кеткен.

«Мен күйеуіммен бірге кешкі ас ішіп үйге келгенмін, Олимпиададан жеңіп алған алтын және күміс медальдарымды және сейфті бұзып, қымбат бұйымдарымды алып кетіпті»,-дейді теннисші.

Спортшының сөзінше, тонаушылар үйдің есігін бұзып кірген. Ал ерлі-зайыпты үйден шығарда дабыл белгісін қосуды ұмытып кеткен. Ұрланған заттардың құны әзірге есептелген жоқ.

Спортшы үйінің тоналғаны туралы полицияға шағым түсірген. Ол құқық қорғаушылардың үйді тексергенін атап өтті.

Мәскеу маңы полициясының қызметкерлері тонау әрекеті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын растады.

«Шығын көлемі есептеліп жатыр. Жедел-іздестіру шаралары мен тергеу жүріп жатыр»,-деп хабарлады полициядан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT