+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Ресейлік «Спутник V» вакцинасының құны арзандай ма

2021 жылғы 3 наурыз 18:31
Бөлісіңіз:
Ресейлік «Спутник V» вакцинасының құны арзандай ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ресейлік «Спутник V» вакцинасының құнын төмендетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы егілді – министрлік жауабы Коронавирус: Алматыда вакцинаны қай жерде салдыруға болады Астанадағы «Mega Silk Way» СОСО-да коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Орталық коммуникациялар қызметінде жақында «Спутник V» құны екі есеге жуық арзандағаны туралы мәлімет тарағаны айтылып, Қазақстанда бұл екпенің бағасы қандай көлемде төмендейтіндігі сұралды.

«Шынымен де осындай ақпараттық хабарлама болды. Осыған байланысты ресейлік тікелей инвестициялар қорымен арада жасалған меморандумдағы уағдаластыққа сәйкес, вакциналарға бағаны түзету бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдадық. Енді осыған қатысты ресми жауапты күтіп отырмыз. Бұл тұрғыда мәселе наурыз айының ортасына дейін жедел шешіледі деп үміттенемін», - деді Марат Шоранов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында Қазақстанда салынатын медициналық нысандар туралы айтылды.

5 жылда 487-ден астам жаңа МСАК объектілері салынады және осы 2021 жылы 211 нысанның құрылысы жоспарлануда.

Оның ішінде 83 медициналық пункт, 70 фельдшерлік-акушерлік пункт, 57 дәрігерлік амбулатория және 1 емхана қамтылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT