Ресейлік спортшы чемпиондық белбеуін қазақ халқына тарту етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда АСА 102 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік спортшылар Альберт Туменов пен Беслан Ушуков чемпиондық атаққа таласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жекпе-жекте жеңіске жетіп, белбеуді қорғай алдым. Қолдау білдірген барлық жанкүйерге ризашылығымды білдіремін. Бұл мен барлық уақытта ынталандырады. Сонымен қатар, Беслан Ушуковқа денсаулық тілеймін. Ол тамаша спортшы әрі лайық азамат. Қолдау білдірген Қазақстанға рахмет, керемет болды», - деп жазды Альберт Туменов Instagram-дағы парақшасында.

5 раундтық жекте-жектің 2-рауындында Туменов қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Осыдан кейін ресейлік спортшы чемпиондық белбеуін Қазақстанда қалдыратындығын айтты.

«Бұл белбеу дәл қазіргі сәтте мендегі ең құнды дүние. Қазақстан мен үшін, халқым үшін екінші Отан саналады. Бұл белбеуді барша қазақ халқына қалдырғым келеді. Менің халқымды осы жерге қоныс аударғанда шынайы көңілмен қарсы алған болатын. Сол үшін үлкен ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқына менен естелік болуы үшін осы белбеуді Қазақстанда қалдыру туралы командаммен, достарыммен бірге шешім қабылдадық», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар