+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Ресейлік сарапшы: АЭФ-тің басты назарында - өңірлік проблема

2019 жылғы 17 мамыр 14:59
Бөлісіңіз:
Ресейлік сарапшы: АЭФ-тің басты назарында - өңірлік проблема

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің постиндустриалды қоғамды зерттеу орталығының директоры Владислав Иноземцев Астана экономикалық форумының неліктен маңызды екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз төртінші өнеркәсіптік революция тақырыбына, не болуы мүмкін екендігіне, қандай салдары мен сын-тегеуіріні бар екендігіне назар аудардық. Бұл Қазақстанға артықшылықтармен қатар кемшіліктер де әкелуі мүмкін. Егер шынымен де өндірістің Батысқа жаһандық ығысуы орын алатын болса, онда дамушы және индустриалды елдерге позицияларын байыппен қайта қарауға туралы келеді»,- деді ол.

Осы орайда, ресейлік сарапшы бұл жолы форумның басты назарында өңірлік проблемалар болғанын баса айтты.

«Қазақстан негізгі орталықтардан бірдей алшақтықта жатқандай көрінеді. Бұл ретте Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған экономикалық бағыт оңтайлы саналады. Геосаяси шиеленісте, экономикалық жанжалдар кезінде барлық ойыншылардан «бірдей жақындықта» әрі «бірдей алшақтықта» болуға тырысу қажет», - деді Владислав Иноземцев.

Сонымен қатар, ол Астана экономикалық форумын өткізудің маңыздылығына тоқталды.

«Алаң өте маңызды. Ресейлік форумдарда да осындай болып тұрады. Дегенмен, Астана экономикалық форумында зияткерлік пікірталастардың, сарапшылардың көп екендігін айтқым келеді. Бұл жерде барынша жайлы ахуал қалыптасқан. Кеше «АЭФ talks»-ке қатыстым. Бұл әңгімелесудің, байланыс орнатудың, қазіргі уақытта туындап отырған барынша өзекті сын-тегеуіріндер мен жаңа идеяларды жасаудың тамаша пішіні», - деді ресейлік сарапшы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT