Ресейлік Рүстем Арсланов: Әлем барысындағы басты қарсыластарым – қазақ балуандары

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат- Астанада өтіп жатқан «Әлем барысы» додасында ресейлік балуан Рүстем Арсланов алғашқы кездесуінде Ливиядан келген қарсыласы Обейд Вассимді таза ұтып, келесі кезеңге жолдама алды. Белдесуден кейін Ресейдің Башқұртстан елінен келген әңгімелеудің сәті түсті.

Рүстем Арсланов қазақ күресіне бұрыннан бері қызығып жүргенін айтады. Балуан 1980 жылы дүниеге келген. Ұлты башқұрт. Бір қызығы, қазақ күресіне ден қойғаннан бастап-ақ, Рүстем айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізген екен.
null 

«Өткен жылы Қырғызстанда өткен Көшпенділер фестивалінде бірінші рет қазақ күресінен бағымды сынап көрдім. Ол кезде қазақтың мықты балуандарының бірі саналатын Еламанмен ақтық бәсекеде күш сынасқан едім. Жолым болып сол жолы Еламанды жеңіп, бірінші орынды иелендім. Қазақ күресін меңгеру мен үшін ешқандай кедергі тудырған жоқ. Өзім негізінен самбо және дзюдо күресін меңгергенмін. Жетістіктерім де баршылық. Дзюдодан екі мәрте абсалютті салмақта Ресей Федерациясының чемпионы атандым. Самбодан 2015 жылы Еуропа чемпионы болдым», - дейді Рүстем.
null 

Ресейлік балуан сонымен бірге, осы сайыстағы ең басты қарсыластарының кім екенін атады.

«Бұл жаққа келіп қазақтармен өз тілімде ұғынысып жүрмін. Бәрін түсінемін. Осындай шоудың болып жатқаны шынында да мақтан тұтарлық. Бірінші кездесуім күрделі болған жоқ. Мұндағы бәсеке туралы сұрасаңыз, әлбетте, ең бірінші кезекте Қазақстан балуандары - менің басты қарсыластарым. Украина, Белорусь пен Грузияның балуандары осал емес. Жеребе бойынша соңғы аталған елдердің кіл мықтыларына түсіп қалған секілдімін. Десе де, жеңісіме сенімдімін», - дейді башқұрт спортшысы.

Соңғы жаңалықтар