Ресейлік психолог: жастардың 5-10%-ы ойынқұмарлықтан зардап шегуде

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – 30 жасқа дейінгі Ресей жастарының 5-10%-ы ойынқұмарлыққа салынған. Бұл көрсеткіш Еуропа елдеріндегі статистикамен бірдей. Бұл туралы И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің дәрігер-психиатры медицина ғылымдарының кандидаты Дмитрий Петелин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

1 қаңтар күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Аурулардың халықаралық жіктемесінің 11-нұсқасы күшіне енді. Жаңа құжатқа 55 мыңнан аса ауру, жарақат пен ауытқушылық енді. Құжатқа дәстүрлі медицина туралы бөлім қосылған, сонымен қатар бейне және сандық форматтағы ойынқұмарлық тәуелділікпен байланысты ауытқушылықтар қатарына кірді.

«Өкінішке орай, Ресейде бұл мәселе бойынша зерттеулер аз, әсіресе елдің барлық аумағын қамтитын зерттеулер жоқтың қасы. Алайда, менің ойымша, біздің елдегі көрсеткіштер Еуропа мемлекеттеріндегі статистикадан қатты ерекшеленбейді. Жасөспірім кезден бастан 30 жасқа дейінгі жастардың 5-10%-ы ойынқұмарлықпен әуестенеді. Ал Азия елдерінде жасөспірімдер арасында ойынқұмарлықпен ауыратын балалар қатары 30%-ға дейін жетеді», - деді Петелин.


Соңғы жаңалықтар