+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Ресейлік портал Головкиннің «Канелоны» жеңгені жайлы дәлелдер келтірді

2019 жылғы 1 қараша 08:46
Бөлісіңіз:
Ресейлік портал Головкиннің «Канелоны» жеңгені жайлы дәлелдер келтірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Чемпионат» ресейлік порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы реваншта жеңгені жайлы нақты дәлелдер келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Канелоның» промоутері Головкинмен болатын үшінші жекпе-жектің басты шартын айтты Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды Геннадий Головкин әлемнің үздік 10 боксшысының қатарынан көрінді

«Боксшылар реванш өткізу үшін біраз қиындықтардан өтті. Ол мексикалық боксшының допинг дауымен байланысты болды. «Канело» ағзасынан кленбутерол табылып, 2018 жылдың мамырындағы айқас кейінге қалдырылды. Геннадий уақыт жоғалтып алмас үшін Ванес Мартиросянмен айқас өткізді.

Жалпы, «Канело» мен GGG екінші жекпе-жегі бірінші кездесудің жалғасы болды. Боксшылар ашық және сапалы бокс көрсетті, тынбай жұмыс істеді. Бірінші кездесумен салыстырғанда Сауль үстем болды. Алайда, ол кездесу барысын бақылауға алды деп айтуға келмейді. Жекпе-жек кезінде екеуі де ауыр соққыға төтеп бере алатынын көрсетті. Чемпиондық раундтарда қазақстандық басым болып көрінді. Бірақ, қарсыласын жеңу үшін бұл да жеткіліксіз еді. Сондай-ақ, төрешілер жеңісті Саульге берді - 114:114, 115:113 және 115:113.

Статистикаға қарасақ, төрешілердің ағат шешімі тағы да көрініп-ақ тұр. Бұл жолы проценттік тұрғыдан «Канело» Геннадийге қарағанда айтарлықтай дәлірек болды. Ол сонымен бірге, қарсыласына бағытталған соққылардың саны бойынша алшақтықты қысқарта алды. Бірақ сандарға қарасаң, жақсы нәтиже көрсетпеген – 622 соққының 202-сі (32,5%), Головкинде 879 соққының 234-і (26,6%) дәл тиген. Бұл сандарға қарап-ақ кімнің жеңгенін көруге болады», - деп жазды портал.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT