Ресейлік отбасы Қостанай облысындағы жол апатынан зардап шекті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында тас жолда шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, ресейлік отбасы мен Қырғызстан азаматы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы кеше кешке Алматы - Екатеринбург тас жолында болды.

«Тас жолдың 390 шақырымында «Toyota Estima» маркалы шағын автобус пен «Toyota сorolla» жеңіл көлігі соқтығысты. Соның салдарынан 5 адам зардап шекті. Барлығы Қарабалық орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады ТЖД-дан.

Белгілі болғандай, жол апатынан ресейлік отбасы мен 1981 жылғы Қырғызстан азаматы жарақат алған.

Автор: Жанна Мұсабаева

Соңғы жаңалықтар