Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Димаш Құдайбергеннің әнімен ерекше өнер көрсетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Евгения Медведева қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Your love» әнімен ерекше өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

3 сәуірде Санкт-Петербургтегі «Юбилейный» спорт сарайында Илья Авербухтың «Мұз дәуірі. Чемпиондар» атты мұз шоуы өтті. Онда ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Евгения Медведева әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің композициясымен өнер көрсетті.

Евгенияның нөмірі ерекше әдемі болды. Оның нәзік қимылдары музыкамен шебер үндескен. Ақ мұзға алқызыл көйлекпен шыққан мәнерлеп сырғанаушы Димаш әніндегі жаралы жүрекке ұқсады.

Айта кетейік, Димаш алғаш рет композитор Игорь Крутойдың Лара Фабианның өлеңдеріне жазған туындысын 2020 жылы 8 наурызда Мәскеуде дизайнер Валентин Юдашкиннің мерейтойлық кешінде орындаған болатын.


Соңғы жаңалықтар