Ресейлік композитор Болат Сыздықовқа ән арнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық белгілі әнші Карина Абдуллина өзінің жаңа әнінің тұсауын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздерге менің орындауымдағы жаңа әнді ұсынамын. Бұл жаңа әнді ресейлік ақын Юрия Ремесниканың сөзіне менің мәскеулік құрбым, өте талантты музыкант Наталья Стурова жазған. Автор осы әуенді Болат Сыздықовтың рухына арнап, гитарада жазды. Енді сол сиясы әлі кеппеген керемет әуенді менің орындайтын кезігім келді деп ойлаймын», - деп жазды Карина Абдуллина өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, «Мюзикола» тобының солисі Болат Сыздықов өткен жылы мамыр айында қайтыс болды. Карина Абдуллина өзінің әріптесі әрі сырласы Болат Сыздықовқа арнап ән жаздырған болатын. 

 
Соңғы жаңалықтар