Ресейлік ғарышкерлер қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасына жасалған 56-шы экспедицияның мүшелері, ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокофьев пен Олег Артемьев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан жұртын Астананың 20 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақорданың баспасөз қызметі ресейлік ғарышкерлердің Елорданы 20 жылдығымен құттықтаған бейнежолдауын Facebook желісіне жариялады.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, көршілес Қазақстан халқы, біз, Халықаралық ғарыш стансасына аттанған 56-шы экспедиция мүшелері, сіздерді Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Астана - ерекше келбетімен көзге түсетін, күннен күнге дамып келе жатқан әсем қала. Астана - жас, жігерлі, мақсаты айқын жандардың мекені. Бұл шаһарда барлық армандар орындалады. Сіздерге бейбітшілік пен ашық аспан тілейміз. Әсем қала Астана гүлдене берсін!», - деді Олег Артемьев.

Сондай-ақ, ғарышкерлер Елордада ғарыш саласының дамып, Ұлттық ғарыш орталығының ашылғанына ризашылықтарын білдірді. Бұған - қазіргі таңда жүргізіліп жатқан Ғарыш аппаратын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы дәлел. Бұдан бөлек, елімізде Жерді қашықтықтан алдын ала тексеру, байланыс және хабар тарату жүйелері іске қосылды. 

Соңғы жаңалықтар