Ресейлік ғарышкерлер ғарыштан Қазақстанға құттықтау жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазғарыштың 25 жылдығына арналған форум кезінде екі ресейлік ғарышкер Халықаралық ғарыш стансасынан өз құттықтауларын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде Қазақстанда байланыс пен xабар таратудың заманауи ғарыш жүйелері бар. Жерді қашықтан зондтау, жер серіктері және тағы басқа ғарыш теxникасы жасалады. Халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істеген әріптестеріміздің ішінде үш Қазақстан азаматы - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов болды. Соған шын жүректен қуаныштымыз. Біздер, ғарышкерлер үшін Қазақстаның орны бөлек. Себебі дәл осы жерден 1957 жылы алғаш рет жасанды жер серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы Юрий Гагарин тұңғыш рет сапарға аттанды. Қазірдің өзінде Байқоңыр ғарыштың басты қақпасы болып саналады. Біз, ресейліктер мен қазақстандықтар - көрші, дос әрі әріптеспіз. Ғарыш бізді одан сайын жақындатты", - деді 55-ші экипаждың командирі Антон Шкаперов.

Экипаждың борт инженері Олег Артемьев те өз құттықтауын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі арқасында әрі Ресеймен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде Байқоңырдың мәртебесі өсе түсті. Бүгінде ол жерде екі елдің мамандары ғана емес, шетелдің азаматтары да жұмыс істеп келеді. Осылайша, "Байқоңыр" ғарыш айлағы xалықаралық дәрежеге көтеріліп отыр. "Біз, Халықаралық ғарыш стансасының 55-ші экипажы Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігінің аэроғарыш комитетін, осы саладағы кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазғарыштың 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз. 1993 жылы Қазақстанның Министрлер кабинеті жанынан Ұлттық аэроғарыш агенттігі құрылған болатын. 25 жылдың ішінде Қазғарыш біраз жетістіктерге жетіп, Қазақстанның ғарыш саласын қалыптастыра білді", - деп атап көрсетті О.Артемьев.

Айта кетейік, бүгін Астанада V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери теxника көрмесі ашылды. Аталған шараның ашылу салтанатына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

Мемлекет басшысы көрменің негізгі ерекшелігін атады. Көрме  26 мамырға дейін жалғасады. Оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысады. Сондай-ақ, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін ұсынады.

Көрменің ұйымдастырушылары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сондай-ақ "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ.

Соңғы жаңалықтар