Ресейлік ғалым Түркістандағы музейге VIII ғасырға тән түргеш тиындарын табыстады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ресейлік ғалым «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне VIII ғасырға тән түргеш тиындарын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, аталған ежелгі ақша түрлері Түркістан өңірінің тарихымен тығыз байланысты.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қоры нумизматикалық коллекцияларға бай. Түркістанға келген сапарымда танысып, көрдім және ресми сайттан да қарап шықтым. Бұл жәдігерлер менің қорымда емес арнайы тарихи орында тұру керек деп шештім. Тарихшы тарихи мұраларды жинақтауға ұмтылады. Нумизматика саласын зерттеу еңбек жолымның негізгі бөлігі болғандықтан бұл заттарды жылдар бойы жинақтадым»,-дейді Павел Николаевич

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қор сақтаушы қызметкері, нумизматика саласының маманы Толқын Жолдасов музей қорына табысталған жәдігерлердің өзіндік құндылықтары зор екенін айтады.

«Жәдігерлер қатарында VIII ғасырдың түргеш тиындары мен X ғасырларда соғылған саманид фелстері және XI ғасырға тән дирхемдер бар. Сонымен қатар, кейінгі тарихи кезеңдерде соғылған ақшалар да кездеседі. Аталған олжалар «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорын толықтырып, нумизатика кешенінің ең құнды жәдігерлер қатарын көркейтеді деп ойлаймыз»,-деді Толқын Жолдасов.


Соңғы жаңалықтар