+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ресейлік дәрігерлер Шымкентте коронавирусқа қарсы күрес бойынша көмек көрсетеді

2020 жылғы 15 шілде 16:34
Бөлісіңіз:
Ресейлік дәрігерлер Шымкентте коронавирусқа қарсы күрес бойынша көмек көрсетеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді. Көрші елдің мамандары қалада коронавирус инфекциясымен күрес бойынша тәжірибе алмасып, консультациялық-әдістемелік көмек көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр Коронавирус статистикасы өскеніне алаңдамау керек - Алматы әкімі Алматылық инфекционист коронавирустан сақтану және емделу жөніндегі басты сұрақтарға жауап берді

Ресейлік дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиологтар бар. Олар 4 топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітіледі.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы топпен кездесіп, қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

«Бүгінгі таңда әлем бойынша дәрігерлер коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа әдістерін зерттеп, өзара тәжірибе алмасуда. Мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында біліктілік арттырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болып отыр. Осы орайда сіздерді Шымкент қаласында көріп отырғанымызға қуаныштымыз», - деді Мұрат Әйтенов.

Айта кетейік, бүгінде қалада короновируспен күреске 3264 медицина қызметкері жұмылдырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT