20:29, 18 Шілде 2018 | GMT +6
Ресейлік блогерлер жылына 10 млрд рубль табыс табады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Ресейде 15-17 мыңға жуық блогер бар. Олардың жылдық табысының жиынтық мөлшері 10 миллиард рубльге жетіп отыр. Бұл туралы РФ цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Алексей Волин мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
«Маңызды бір цифрлармен бөліссем деп отырмын: біздің есептеуімізше, қазіргі таңда елде 15-17 мың айналасында блогер бар. Олардың жылдық табысының жиынтық мөлшері 10 миллиард рубльге жетеді. Бұл сан блогерліктің жақсы әрі қызықты бизнес екенін көрсетеді», - деді А.Волин сәрсенбі күні Жастардың бүкілресейлік білім беру форумында.
Шенеуніктің айтуынша, егер блогер сапалы контент жасап, сол арқылы ақша тауып жатса, оның журналистен айырмашылығы қалмайды.
«Егер блогер осы арқылы табыс тауып, кәсіби тұрғыда айналысса, журналистен кем жері болмайды. Адамды журналист ететін оның қолындағы лицензия немесе куәлік емес», - деді Волин.