Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

Ресейлік әскерилер Қазақстанда білім алуға ниет білдіріп жатыр

2019 жылғы 14 наурыз 20:18 691
Бөлісіңіз:
Ресейлік әскерилер Қазақстанда білім алуға ниет білдіріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің әскери қызметшілері Қазақстанда білім алуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл ресейлік тарап өздерінің әскери қызметшілерін Қазақстандағы әскери оқу орындарына бағыттауға қызығушылық танытып отыр. Осы орайда ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің командалық-штабтық факультетінде және Бас штабы академиясы факультетінде әскери істегі стратегиялық менеджмент мамандығы бойынша білім алуға ниет білдіріп жатыр», - деді министр ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі депутаттарының кездесуі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Ресей Қорғаныс министрлігінің 28 жоғары оқу орындары мен оқу орталықтарында 76 мамандық бойынша 382 қазақстандық әскери білім алып жатыр.

«Бұл мамандықтар елімізде сұранысқа ие болып отыр. Сонымен қатар біз әскери қызметшілерді басқа да шетелдік жоғары оқу орындарына бағыттап жатырмыз. Бұл тұрғыда Түркия, Қытай оқу орындарында, сондай-ақ бірнеше әскери АҚШ-та білім алуда. Осы шаралар мамандардың алдыңғы қатарлы ЖОО-ларда білім алуына және заманауи технологияларға қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда», - деді Нұрлан Ермекбаев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT