Ресейге заңсыз өтпек болған шетел азаматы ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды Ресей Федерациясына заңсыз өтпекші болған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАКқпарат.

«Шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында жүк пойызы вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекара бұзушы анықталды.

Ұсталған адам ҚР ӘҚБ Кодексінің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп жазды комитеттен.


Соңғы жаңалықтар