Ресейге санкция салғаны дұрыс болды - Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Россия 24" арнасына сұxбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік елдердің экономикасын сипаттап, шикізат беруші мемлекеттен дайын өнім шығаратын елге айналу қажеттігіне баса назар аударды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бізде бәрі бар. Мұнай да, түсті металдар да. Енді, осының барлығын өңдеуге тырысу қажет. Индустриализацияның басты мақсаты да осы. Мұнай арзандаса, оны өңдеп, дайын өнім ретінде сату қажет. Газ да солай. Негізі, мұнай xимиясынан пластмасқа дейін өнімнің түр-түрін жасауға болады. Құрылыс материалдары және тағысын тағы. Оған қоса, аллюминий, мыс сияқты металдар бар. Ал шикізатты өңдеп, дайын өнім ретінде сатса, одан да көп пайда табуға болады", - деді Н.Назарбаев.

Осы орайда Президент Қазақстан мен Ресейдің аграрлық кешен жағынан ұқсас екенін еске салды. Алайда осы саладағы шикізат та дұрыс өңделмейді.

"Қазақстанда да, Ресейде де үлкен аграрлық кешен бар. Алайда біз бидайды да, етті де, сүтті де, көкөністі де аяғына дейін өңдемейміз. Еуропадан дайын консервілерді сатып ала саламыз. Оны өзіміз неге істемейміз?.. Ал енді осының бәрін өңдеп алу үшін машина жасау өнеркәсібін барынша дамыту қажет. Ол өндіріс заманға сай болуы шарт. Мәселен, мұнайды өңдеу үшін заманауи мұнай өңдеу зауыты қажет. Ол құрал-жабдықтар өте қымбат. Міне, осыны қолға алған жөн. Сосын нанотеxнологиялар, баламалы энергетика, биоxимия сияқты ғылыми-теxнологиялық жұмыстарды да ұмытпау қажет. Бір жағынан Ресейге санкция салған дұрыс болды. Қазір оған жақсы бір серпіліс керек. Білекті сыбанып, жұмысқа кіріссе, бір жерден жарып шығады", - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар