Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экспортына әсер етпейді – министр
2022 жылғы 14 мамыр 12:17

Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экспортына әсер етпейді – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интерграциялар министрі Бақыт Сұлтанов Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстан экспортына әсер етуі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Санкциялар әсер етпейді, өйткені бізде Еуразиялық экономикалық одақтың ішінде бірінші тоқсан бойынша өзара сауда 20%-дан асады. Үшінші елдерге де экспорттың өсуін байқап отырмыз. Былтыр және биыл шикізаттық емес экспорттың да өсу көрсеткіштері өте жақсы. Бұл – өнеркәсіп салаларын қолдау жұмыстарының маңызды нәтижесі»

, - деді министр Қазақстан экспорттаушыларының бірінші форумында тілшілерге берген сұхбатында.

Сауда министрі өндірісті мемлекет тарапынан қолдау мен белгілі бір салалар және өнімдерді құру арасында тікелей байланыс барын атап өтті.

«Біздің міндетіміз – Еуропалық одақпен жұмыс істейтін сарапшылармен бірлесіп, экспорттық басымдыққа жылдам шығуға мүмкіндік беретін жүйелерді жасау. Ол үшін біз бірқатар бірлескен бағдарламаларды жүргіземіз. Сауда және интеграция министрлігі экспорттық акселерация ретінде бірқатар бағдарламаларды іске қосқанын білесіздер. Біз бес-алты жыл ішінде жыл сайын 100 жаңа экспорттаушыны шығарып отырамыз. Бұл жұмыс жақсы жүргізіліп келеді. Қазір 500-ге жуық белсенді экспорттаушымыз бар. Осы бағдарламалардың арқасында және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, белсенді экспорттаушылардың санын 2025 жылға қарай мыңға дейін жеткізгіміз келеді»

, - деді Бақыт Сұлтанов.

Еске салсақ, Үкімет басшысы Каспий портының экспорттық әлеуетін арттыруды тапсырды.


Jańalyqtar

MURAǴAT