Ресейге балық тасымалдаған қылмыстық топ мүшелері 10 жылға сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда сот ұлтаралық қылмыстық топтың мүшелеріне үкім шығарды. Олар заңсыз балық аулап, оны шетелге контрабандалық жолмен жеткізіп отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Сот Болатбек Махышқалиевті ҚР ҚК 264-бабы 1-бөлігі, 336-бабы 4-бөлігі, 339-бабы, 364 және 367-баптары бойынша айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушылар Ш. Мирасов пен Б. Құрманғалиев ҚР Қылмыстық кодекстің 264-бабы, 2-бөлігі және 335-бабы, 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Олардың әрқайсысы 8 жылға сотталды», - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Тергеу барысында анықталғандай, РФ азаматы Құрманғазы аудандық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Болатбек Махышқалиевпен бірлесіп, «Ақсу-Қиғаш» ЖШС-ның директоры мен мамандарын жұмыстан босатып, осы компанияны иемденіп алған.

Кейін штатқа туыстары мен таныстарын алған. Ресей азаматы «Ақсу-Қиғаш» ЖШС директоры болып тағайындалып, оның орынбасары балық инспекторының танысы болған. Жаңа директордың орынбасары кәсіпорынның балықшыларын заңсыз балық аулауға және оның Астрахан облысында шекара арқылы тасымалдауға дайындаған. Тергеу нұсқасы бойынша, Б. Махышқалиевтен бөлек, «Ақсу-Қиғаш» ЖШС директорының орынбасары Шалқар Мирасов және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының бас инспекторы Бақытжан Құрманғалиев қылмыстық топ мүшесі болған.

Ұлтаралық қылмыстық топтың әрекетін ҚР ҰҚК қызметкерлері әшкереледі.

Соңғы жаңалықтар