+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ресейге 90 күннен астам мерзімге баратын қазақстандықтан қосымша анықтамалар талап етіледі

2021 жылғы 24 қараша 23:25
Бөлісіңіз:
Ресейге 90 күннен астам мерзімге баратын қазақстандықтан қосымша анықтамалар талап етіледі

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі сол елге 90 күннен астам мерзімге келетін қазақстандықтарға қатысты мәліметті, жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат Елшілік сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

« 29 желтоқсанынан бастап Ресейге 90 күннен астам мерзімге келетін Қазақстан азаматтары ресейлік медициналық мекемелерде нашақорлық пен жұқпалы аурулардың, оның ішінде АИТВ инфекциясының жоқтығын растауы керек. Анықтаманы ІІМ аумақтық органдарына тапсыру қажет. Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз азаматтардың құжаттарын оның ата-анасының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бірі (6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды) ұсынды «, делінген хабарламада .

Сондай-ақ, қазақстандықтарға міндетті мемлекеттік дактилоскопия тіркеуінен өтеді және суретке түсіріледі, одан кейін ІІМ аумақтық органдары оларға тиісті құжат береді. Еңбек ету мақсатында Ресейге келген жағдайда, жоғарыда көрсетілген рәсім келген күннен бастап 30 күн ішінде, басқа мақсаттарда – 90 күн ішінде өтуі керек.

Елшіліктің мәліметінше, медициналық анықтаманың мерзімі аяқталғаннан кейін қазақстандықтар 30 күн ішінде медициналық куәландырудан қайта өтуге және жаңа құжаттарды ІІМ аумақтық органына немесе мемлекеттік және жергілікті қызметтердің бірыңғай порталын пайдалана отырып, электронды құжат нысанында не ведомстволық бағынысты кәсіпорын немесе уәкілетті ұйым арқылы ұсынуға міндетті.

Жоғарыда аталған талаптар орындалмаса, Ресейде болу мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT