Ресейге 160 тонна пияз экспорттамақ болғандар ұсталды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жалпы салмағы 160 тонна пиязды елімізден Ресейге алып өтпек болғандар анықталды. Бұл туралы Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер депарматентінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пиязды әкетуге салынған тыйымға қарамастан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Ресей Федерациясына экспорттау әрекеттерін жалғастыруда. Мәселен, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінен жалпы салмағы 160 тонна пиязды әкету бойынша 8 әрекеттің жолын кесті. Қолда бар жедел ақпаратқа сәйкес, пиязды өзге тауар ретінде көрсете отырып, елден әкету әрекеттері дайындалуда. Осыған байланысты тыйым салынған тауарларды бақылау күшейтілген режимге ауыстырылды», - деп мәлімдеді жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан үш айға пияз экспорттауға шектеу қойылған болатын.


Соңғы жаңалықтар