Ресейдің Ульяновск қаласы су астында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ульяновск қаласы су астында қалды. Кешеден бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су алып, қатты желден ағаштар тамырымен бірге құлады. Қазіргі кезде Ульяновскіде төтенше жағдай жарияланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы 25 жылда Ульяновскіде ондай жағдай болмаған. Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы уақытта циклон күшейе түседі. Табиғаттың тосын мінезі 10 шілдеге дейін басылмауы әбден мүмкін.



Кеше толассыз жауған жаңбырдың салдарынан жолдарды су шайып, қаланың ішінде кептелістер пайда болды. Көліктерге су кіріп жатыр. Қозғалтқыштар істен шығуда. Осыған байланысты жергілікті билік әзірше жеке көлікпен жүрмеуге кеңес беріп отыр. Дегенмен, қоғамдық көлік те дұрыс қатынамайды. Теміржол желісінде де ақаулық көп.

Табиғаттың тосын мінезінен ажал құшқандар да бар. Мәселен, күні кеше қатты желдің салдарынан ағаш электр желілерге құлап, зейнет жастағы адамды мерт қылды. Аулада тұрған көліктерге құлаған ағаштар да көп.

Аймақ губернаторы Сергей Морозов жұмыс берушілерге үндеу жолдап, жұмысқа кешігіп келетін азаматтарға түсіністікпен қарауды сұрады. "Қаладағы жағдай әлі де қиын болып тұр. Қызмектерлеріңіз кешіксе, шара қолданбауыңызды сұраймын. Түсіністікпен қарағанымыз дұрыс", - деді аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар