Jańalyqtar
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа «Барыс» ордені табыс етілді
2021 жылғы 21 қаңтар 22:22
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа І дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«РФ Сыртқы істер министрлігінде өткен ТМД елдерінің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі аясында Қазақстан Республикасы басшылығының тапсырмасы бойынша Елші Ермек Көшербаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа ҚР мемлекеттік наградасы І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті.
С. Лавровты еліміздің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттау оның Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесін бағалау болып табылады», делінген хабарламада.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
- Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы атап өтілді
- Сахалинде бөлінген мұз үстінде қалған 44 балықшы құтқарылды
- Мәскеу метросында «вагонды жарып жіберем» деп елді қорқытқан адам ұсталды
-
Мәскеу метросында ер адам граната жарам деп полицейлерді қорқытып отыр
-
РФ Орынбор облысындағы жарылысқа байланысты газ беру тоқтатылды – Энергетика министрлігі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER