Ресейдің Судандағы елшісінің өлім себебі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 тамыз күні Ресейдің Судандағы елшісі өлі күйінде табылған болатын. 62 жастағы Миргаяс Ширинский жүрек талмасы салдарынан көз жұмғаны анықталды. Бұл туралы RT-ға Хартумдағы Ресей дипломатиялық өкілдігінің баспасөз хатшысы Сергей Коняшин хабарлады.

«Миргаяс Миргаясовичті елшіліктің қызметкерлері кешкі сағат алтыда өз резиденциясында өткір жүрек талмасы белгілерімен тапқан. Дереу дәрігерлер шақыртылды, өкінішке орай, оның өміріне араша бола алмады», - деді дипмиссия өкілі.

Коняшиннің айтуынша, қайтыс болған дипломаттың денесі Хартум академиялық госпиталі жанындағы мәйітханаға берілді. Кейін мәйітті  Ресейге жіберу мәселесі шешіледі.

23 тамыз күні Хартумда Ресей елшісі Миргаяс Ширинскийдің өмірден озғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Миргаяс Ширинский 1954 жылы туған. 1991-1993 жылдары Йемендегі РФ елшілігінде кеңесші-елші, 1993-1996 жылдары Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) Ресейдің Бас консулы қызметін атқарған. 2006-2013 жылдары ол Руандада елші болды. 2013 жылдың соңына қарай Судандағы елші қызметіне тағайындалған. 

Соңғы жаңалықтар