Ресейдің Саратов қаласында үйінің ауласында снарядты кеспек болған ер адам мерт болды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС. ҚазАқпарат – Ресейдің Саратов қаласының тергеу органдары снаряд жарылысынан мерт болған ер адамға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. О дүниелік болған адам Саратовтағы үйінің ауласында снарядты темір кескіш құралмен кеспек болған.

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі Саратов облысы Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«56 жастағы ер адамның мерт болуына байланысты тергеуге дейінгі тексеру ұйымдастырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 қазан күні күндіз 56 жастағы ер адам өзінің үйінің ауласында темір кесетін құралдың (болгарка) көмегімен снарядты кеспек болған. Сол сәтта снаряд жарылған. Оқиға орнына шұғыл жеткен төтенше жағдайлар мен жедел жәрдем қызметінің мамандары қанша жанталасқанымен ер адамды аман алып қала алмады»,-делінген хабарламада.

Ер адамның оқиға орнында мерт болғаны айтылды. Оқиғаның қалған мән-жайы әлі нақтыланып жатыр. Сот-медициналық және жарылыс-техникалық сараптау тағайындалды.


Фото: saratov.aif.ru
Соңғы жаңалықтар