+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ресейдің Саратов қаласында үйінің ауласында снарядты кеспек болған ер адам мерт болды

2021 жылғы 24 қазан 09:41
Бөлісіңіз:
Ресейдің Саратов қаласында үйінің ауласында снарядты кеспек болған ер адам мерт болды

МӘСКЕУ. ТАСС. ҚазАқпарат – Ресейдің Саратов қаласының тергеу органдары снаряд жарылысынан мерт болған ер адамға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. О дүниелік болған адам Саратовтағы үйінің ауласында снарядты темір кескіш құралмен кеспек болған.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде шахтадағы жарылыстан өлгендердің саны 11-ге жетті Ресейге 90 күннен астам мерзімге баратын қазақстандықтан қосымша анықтамалар талап етіледі Шортандыда газ жарылысынан көз жұмған бала Қазақстан чемпионы болған

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі Саратов облысы Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«56 жастағы ер адамның мерт болуына байланысты тергеуге дейінгі тексеру ұйымдастырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 қазан күні күндіз 56 жастағы ер адам өзінің үйінің ауласында темір кесетін құралдың (болгарка) көмегімен снарядты кеспек болған. Сол сәтта снаряд жарылған. Оқиға орнына шұғыл жеткен төтенше жағдайлар мен жедел жәрдем қызметінің мамандары қанша жанталасқанымен ер адамды аман алып қала алмады»,-делінген хабарламада.

Ер адамның оқиға орнында мерт болғаны айтылды. Оқиғаның қалған мән-жайы әлі нақтыланып жатыр. Сот-медициналық және жарылыс-техникалық сараптау тағайындалды.


Фото: saratov.aif.ru
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT