Ресейдің Сахалин облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сахалинде жолаушылар көлігі жүк көлігімен соқтығысты. Көлікте отырған екі адам мерт болды. Бұл туралы жұма күні Ресейдің Сахалин облысының ішкі істер саласының өкілдері хабарлады, деп жазады lenta.ru.

«Шамамен жергілікті уақыт бойынша, сағат 5-55-те «Оңтүстік Сахалинск-Оха» ауданында «Заозерное-Пугачево» станциясының ауданында жолаушылар пойызы артында тіркеуіші бар ауыр жүк көлігімен соғысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан көлікте отырған екі адам мерт болған»,-делінген хабарламада.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Сахалин облысы бойынша, бас басқармасы пойыздың 9 вагонында 180 адам болғандығын, ал оның 17-і балалар екендігін жеткізді. Абырой болғанда жолаушылар пойызынан ешкім зардап шекпеген.

Айта кетейік, осыған дейін Мәскеу маңындағы «146-й километр» станциясына жақын жерде теміржол өткелінде Lada маркалы көлігі локомотивпен соғысты. Көлік жүргізушісі тыйым салынған белгіге қарамастан өткелге шығып кеткен. Локомотив машинисі тоқтауға тырысқанымен тым кеш болды. Оқиғаның салдарынан көліктің ішіндегі екі адам мерт болды.

Соңғы жаңалықтар