Ресейдің Сахалин аралында газ жарылып, 9 адам мерт болды

None
ОҢТҮСТІК-САХАЛИН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Ресейдің Сахалин аралында орналасқан Тымовское ауылындағы жер үйде жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, оқиғаның салдарынан 9 адам мерт болды. Оның 4-уі бала. Тағы бірнеше адам қирандылардың астында қалуы мүмкін. Алдын ала мәліметтер бойынша жарылысқа газ балллоны себеп болуы мүмкін.

Жаралыс салдарынан подъездердің бірі құлап, құтқарушылар қирандыларды аршып жатыр. Бұл жұмысқа 80 адам және 20 техника тартылған.

Қазіргі таңда көрші подъездің құлау қаупі бар.

Өңір губернаторы Валерий Лимаренконың хабарлауынша, жарылыс болған үйде 33 адам тұрып жатқан. Олардың 23-і тірі.

Ресейдің Бас прокуратурасы осы оқиға бойынша қозғалған қылмыстық істі өз бақылауына алды.


Соңғы жаңалықтар