21:13, 20 Қаңтар 2022 | GMT +6
Ресейдің орталық банкі криптовалюта мен майнингке тыйым салуды ұсынды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – ТАСС – Ресей банкі РФ аумағында майнингке және криптовалюта шығаруға және қолдануға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы реттеуіштің баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Резервтің валюта болып саналмайтын ресейлік рубль мәртебесі Ресейде қауіп-қатердің өршуін елемеуге мүмкіндік бермейді. Біздің ойымызша, қосымша шара қолдану керек», - делінген құжатта.
«Криптовалютаның таралуына негізделген қауіп-қатерді азайту мақсатында Ресей банкі заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынады. РФ аумағында криптовалюта айналымын ұйымдастыруға немесе оны шығаруға тыйым салыну қажет және осы тыйымды бұзғандарды жауапқа тарту керек», - делінген реттеуіштің ұсынысында.
Сондай-ақ криптовалютаны тауар, жұмыс және қызмет ақысын төлеу құралы ретінде қолдануға тыйым салып, оны бұзғандарды жауапқа тарту ұсынылды.
Реттеуіш Ресейде криптовалюта майнингіне тыйым салу оңтайлы шешім деп есептейді.