Ресейдің Орталық банкі басқармасы бастығының орынбасары үш қызметкерін атып өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Благовещенск қаласында ОБ басқармасы бастығының орынбасары осы банктің үш қызметкерін атып өлтірген, деп хабарлайды РБК.

Орталық банктің Амур облысы бойынша бас басқармасы бастығының орынбасары үш қызметкерді атып тастап, содан кейін өз өміріне өзі қол салған. Бұл туралы Ресей тергеу комитеті аймақтық тергеу басқармасының өкілі Алексей Лубинский хабарлады.

Қайтыс болғандардың арасында екі әйел адам мен бір ер адам бар. Әйелдердің бірі банк басқармасы бастығының орынбасары, екіншісі - банктегі бөлім бастығы болып жұмыс істесе, ер адам банк басқармаларының бірінің бастығы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар