+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Ресейдің Мурманск қаласы маңындағы зымыран зауытының қоймасында жарылыс болды

2020 жылғы 22 наурыз 21:15
Бөлісіңіз:
Ресейдің Мурманск қаласы маңындағы зымыран зауытының қоймасында жарылыс болды

МУРМАНСК. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Мурманск қаласы маңындағы зымыранды-артиллериялық зауытының дәрі-дәрмектер қоймасында жарылыс болып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркия мен Ресей Таулы Қарабақ бойынша бірлескен орталық туралы хаттамаға қол қойды Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды Талдықорғандағы жарылыс: Әскери қызметші кішкентай екі қызды қалай құтқарғанын айтып берді

Дереккөздің хабарлауынша, оқиға Росляков шағынауданында болған. Ол қоймада түрлі калибрлі снарядтардың бар екенін жеткізді. Жарылыстан кейін өрт болған жоқ.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жарақат алғандардың екеуінің жағдайы ауыр, үшеуінің жағдайы орташа»,-деп хабарлады жедел қызмет өкілдері.

Жарылыстың алдын ала себептерінің бірі оқ-дәрілерді қолдану тәртібінің бұзылуы болып отыр.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері жарақат алғандардың госпитальға жеткізілгендігін хабарлады. Қазір олардың өміріне өніп тұрған қауіп жоқ. Солтүстік Флот өкілдері төтенше жағдайдан соң тексеру жұмыстарына кірісті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың техникалық аумағында жүкті тиеу және тасымалдау кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына байланысты артилериялық дәрі-дәрмектер жарылып, 5 адам жарақат алды»,-деп хабарлады Флоттың баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT