Ресейдің Курил аралдары мен Камчатка жанында 4,3 балдық зілзала болды

None
Фото: earninginmotion.com
ОҢТҮСТІК САХАЛИН. ТАСС-ҚазАқпарат – Сейсмологтар бүгін Камчатка уақытымен 09:15-те (00:15 мск) Камчатка түбегінің оңтүстік шеті мен Курил аралдарының солтүстіктегі тобында (Сахалин облысы) 4,3 балдық зілзаланы тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Тереңдігі – 96,3 км, магнитудасы – 4,3» делінген РҒА Бірыңғай геофизикалық қызметтің Камчаткадағы филиалының Telegram-арнасында.

Адамдар жер сілкінгенін сезгені туралы пікірлер жазылып жатыр. Жерасты дүмпуінің қаншалықты күшті болғаны әлі нақтыланбады. Себебі қазір сейсмологтар тұрғындардан ақпарат жинап жатыр.


Соңғы жаңалықтар