Ресейдің Крымск қаласында ер адам көшеде кетіп бара жатқан тұрғындарға оқ атты

None
КРАСНОДАР. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Крымск қаласында ер адам көшеде кетіп бара жатқан адамдарға оқ атты. Алдын ала мәліметтер бойынша оқ атқан адамды қос алғанда 4 адам қаза тапты.

Бұл туралы ТАСС өкілдеріне құқық қорғау органдарынан ақпарат берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдымен ер адам 3 адамды атып тастады»,-деп хабарлады агентікке хабар берген дереккөз. Ол сондай-ақ тұрғындарға оқ атқан адамның өзі де өлгенін хабарлады.

Өңірлік прокуратура тексеру жүргізіп жатыр.

«Оқиға орнынан Крымск ауданарылық прокуроры шықты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады ведомство өкілдері.


Видеодан алынған кадр: Baza/t.me

Соңғы жаңалықтар