USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Ресейдің Красноярск қаласында наркологиялық клиника өртеніп, 4 адам қайтыс болды

2020 жылғы 17 қыркүйек 09:54
Бөлісіңіз:
Ресейдің Красноярск қаласында наркологиялық клиника өртеніп, 4 адам қайтыс болды

КРАСНОЯРСК. НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Красноярск қаласындағы жекеменшік наркологиялық клиникадағы өрттен 4 адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус іш қуысының қабынуын тудыруы мүмкін – вирусологтар ШҚО-да демалыс күндері 13 өрт болды Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ атқан

17 қыркүйек күні сағат 03:46-да (Мәскеу уақытымен 23: 46) Красноярскідегі Мир даңғылында орналасқан «Таза қала» жеке наркологиялық клиникасынан өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша өрт салдарынан 6 адам зардап шегіп, төртеуі қайтыс болды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Бірінші қабаттағы кабинетте 10 шаршы метр алаңда өрт шығып, өрт сөндірушілер алты адамды құтқарған. Ғимаратта адамдардың бар-жоқтығына тексеру жүргізілді, жалын сөндірілді.

Оқиға орнына эвакуацияланған адамдарды жылыту үшін автобус жіберілді. Клиникадан 16 адам құтқарылды, 12 адам тұрғын үйдің кіреберісінен эвакуацияланды, оның ішінде бір бала бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT