Ресейдің Краснодар қаласына апатты жағдайда келе жатқан ұшақ жерге сәтті қонды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат - ҚазАқпарат – Осыған дейін Ресейдің Краснодар қаласына апатты ұшып келе жатқан Boeing-737 ұшағы жерге сәтті қонды. Бұл туралы журналистерге әуе желісінің баспасөз қызметі мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ұшақ жерге жергілікті уақыт бойынша сағат 18:19-да сәтті қонды»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің Краснодар өлкесі бойынша мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі оқиға салдарынан зардап шеккендердің жоқ екенін мәлім етті. Сонымен қатар елдің оңтүстік көлік прокуратурасы ТАСС агенттігіне ведомство өкілдерінің оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлаған.


Соңғы жаңалықтар