Ресейдің Қорғаныс министрлігі: Қарабақтағы бейбіт режимді бұзудың алғашқы дерегі тіркелді

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Таулы Қарабақта әскери қақтығыстар аяқталған және өңірде РФ бітімгерлік операциясы басталған сәттен бері алғаш рет оқ атпау режимі бұзылды. Бұл туралы сенбі күні жарияланған РФ Қорғаныс министрлігінің бюллетенінде хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтемемен.

«Ресейдің бітімгерлік күштерінің контингенті Таулы Қарабақта жұмысын жалғастыруда. 23 бақылау постарында күні-түні жағдайды бақылау, соның ішінде оқ атпау режимі бұзылмауын қадағалау жүргізілуде. 11 желтоқсанда Гадрут ауданында тыныштық режимін бұзудың бір дерегі тіркелді» делінген бюллетенде.

9 қарашада РФ Президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақта атысты толықтай тоқтату жөнінде бірлескен мәлімдемеге қол қойған еді. Ресей басшысының айтуынша, әзербайжан және армян тарапы сол сәтте иелік етіп отырған жерінде қалады, ал осы өңірге Ресейдің бітімгерлік күші орналасады.


Соңғы жаңалықтар