Ресейдің Кемеров облысында ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейдің Кемеров облысында бортында спортшы-парашютистері бар ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік таратқан апараттарға қарағанда, оқиға салдарынан 13 адам зардап шеккен.

ТАСС-қа өнеркәсіптік ауданның бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінен хабарлағандай, ұшақ апатынан төрт адам қаза тауып, 17 адам зардап шекті.

Танай аэродромы Кузбасстың Промышленный ауданында Новосибирск облысымен шекаралас жерде орналасқан. Оның базасында Кузбасс парашют орталығы құрылып, жұмыс істейді. Мұнда спортшылар мен әуесқойларға парашют-десант жаттығулары өткізіліп тұрады.


Соңғы жаңалықтар