+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Ресейдің қаржы нарығы құлдырады

2020 жылғы 10 наурыз 15:26
Бөлісіңіз:
Ресейдің қаржы нарығы құлдырады

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының негізгі қаржы индекстері сейсенбі күні мәскеулік биржаның ашық саудасында құлдырап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сонымен, Мосбиржа индексі 10,4%- ға, 2436 пунктке дейін, РТС индексі 16% -ға, 1056 пунктке дейін (2019 жылдың қысынан бері ең азы) төмендеді, деп хабарлайды ТАСС.

Мұнай бағасының рекордтық құлдырауы Венада өткен ОПЕК + елдерінің мұнай өндіруді қысқарту туралы сәтсіз келіссөздерінен кейін басталып, нарықтағы жағдай күрт төмендеді.

9 наурызда Лондондағы ICE биржасында сауда-саттық кезінде Brent маркалы мұнайдың жеткізілімі фьючерсі 30% -дан астамға арзандап, барреліне 31,02 долларға дейін түсті. Сейсенбіде мұнай 8,3% -ға өсіп, баррелі 37,22 долларды құрады.

Мәскеулік биржаның мәліметіне сәйкес, РФ ірі мұнай-газ компанияларының («Роснефть», «Лукойл», «Сургутнефтегаз», «Газпром») құнды қағаздары 12-15%-ға, тұтынушылық секторы («М.Видео», «Магнит», X5 Retail Group) 28%-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ ресейлік қаржы секторының баға белгіленімі де түсіп кетті. Сбербанк шамамен 13%, ВТБ - 12% жоғалтты. Технологиялық компаниялардың акциялары биржалық индекстерден кейін құлдырады: Яндекс - 7%, Ростелеком - 9%, «Система» AФК - 12% төмендеді.

Энергетикалық компаниялардың қағаздары мәскеу уақыты бойынша 10:40-та Мосбиржада шамамен 10%-ға түсті: «Россети» 7,2%-ға, ТГК-1 - 9,5%-ға төмендеді. Сауда-саттықта «жасыл аймақта» Polymetal (+7,1%), «Полюса» (+3,5%), «Фосагро» (+2,9%), «Северстали» (+1,6%) құнды қағаздары жүр.

Айта кетер болсақ, дүйсенбі, 9 наурызда ресейлік компаниялардың құнды қағаздары Лондон және Нью-Йорк қор биржаларында құлдырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Мұнай, Ресей,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT