Ресейдің Камчатка өлкесінде жер сілкінді

None
Фото: ekonomigundemi.com.tr
ПЕТРОПАВЛ-КАМЧАТСК. ТАСС-ҚазАқпарат - Камчатка өлкесінде жер сілкініп, магнитудасы 6,1-ге жетті. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының геофизика қызметінің Камчатка филиалынан хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы 59 шақырым тереңдікте жатты. Эпицентрі Солтүстік-Курильскіден 128 шақырым жерде жатыр», - делінген хабарламада.

Жерасты дүмпулерінің күші нақтылануда.


Соңғы жаңалықтар