Ресейдің ғарыштағы үдеткіш блогында апат болды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС –ҚазАқпарат – Ғарышта Ресейдің «Фрегат» үдеткіш блогының жанармай багы қирап қалған. Бұл туралы ТАСС агенттігі АҚШ-тың әскери қарулы күштеріне сілтеме жасап хабарлайды.

«Фрегат» блогы 8 мамыр күні басқа да бір объектінің тиюі салдарынан бұзылған.

Агенттіктің хабарлауынша, «Фрегат» үдеткіш блогын 1990 жылдары С. А. Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігі жасап шығарған.

Жалпы үдеткіш блог зымыран тасығыштың құрамында қосымша рөл атқарады. Олар ғарыш аппараттарын жер маңындағы орбиталардың кең спектріне, сондай-ақ планетааралық траекторияға шығаруды қамтамасыз етеді.


Соңғы жаңалықтар