+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Ресейдің Есіл қаласында Абай атындағы қазақ тілі сыныбы ашылады

2020 жылғы 14 ақпан 16:07
Бөлісіңіз:
Ресейдің Есіл қаласында Абай атындағы қазақ тілі сыныбы ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 21 ақпанда Түмен облысының Есіл қаласында қазақ тілін оқытатын сынып ашылады. Сыныпқа Абай есімі берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды түрмесінде сотталғандар домбыра жасап, мәдениет үйіне сыйлады Польшада Абайға арналған пошта маркасы шығарылды Қазақстанда «Абай» телеарнасы ашылды

«Ресейде, әсіресе Түмен облысында тұрып жатқан қазақтар үшін Абай шығармалары мен мұрасы өте маңызды. Түмендік жастар үлкендерге, еңбекке құрмет көрсету, отбасы мен дәстүрге қамқорлықпен қарау бағытында тәлім-тәрбие алып жатыр. Бұған қоса, Абайдың ұлы – Әддірахманның 1886-1889 жылдары Түмендегі Александровск училищесінде білім алуының да біздер үшін маңызы өте жоғары. Ол Түменге 18 жасында келген. Тіпті Абайдың өзі де қаламызға, баласына келіп-кетуі мүмкін. Қазір мұрағат материалдарын зерделеп жатырмыз», - деді Ресейдің Түмен облыстық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ибраев.

Оның атап өтуінше, биыл Түмен облыстық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы өткізетін барлық ірі шаралар Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналатын болады.

«Түмен облысында Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында қазақ мәдени күндері, Түмен облысы қазақтарының құрылтайы, қазақ шығармашылығына арналған «Жас ұрпақ» ІІ облыстық балалар фестиваль-конкурсы өткізіледі. Сонымен қатар ұлы ақынның шығармалары мен мұрасын насихаттауға арналған «Абай оқулары» ұйымдастырылады. Ал 2020 жылдың 21 ақпанында, Халықаралық ана тілі күнінде Абайдың 175 жылдық мерейтойының құрметіне орай Түмен облысының Есіл қаласында қазақ тілін оқытатын сынып ашуды жоспарлап отырмыз. Сынып қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай есімімен аталатын болады», - деді Е. Ибраев.

Ол Түмен облыстық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы өңірде бұған дейін де оқушылар мен жастарға ана тілдерін оқытатын сыныптарды ұйымдастырғандығын айтты.

«Бұл Түмен облысында ашылған төртінші сынып болмақ. Сыныптар Түмен облыстық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы бастамасымен және Түмен облыстық үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен құрылып жатыр. Алдағы міндет - балаларды ана тілдерінде сөйлеуге және жазуға ғана үйретіп қоймай, туған халқының, оның ұлы тұлғаларының тарихымен таныстыру», - деді Е.Ибраев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT