Ресейдің ең танымал драма театрларының бірі елордада өнер көрсетпек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Евгений Вахтангов атындағы театр «Ауқымды гастрольдер» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласына гастрольмен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейдің ең танымал драма театрларының бірінің әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарына А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан көріністер мен А.П.Чеховтың «Дядя Ваня» спектальін ұсынбақ.

Спектакльдер «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында сахналанбақ.

«Біз 2 жыл бойы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен келіссөздер жүргіздік. ҚР Мәдениет және спорт министрі Мәскеуге келіп, «Евгений Онегин» спектакльін көргеннен кейін ісіміз алға жылжыды. 9 қаңтарда осы керемет театрда бірінші спектакльімізді қойдық. Келесі жылы бізге 100 жыл толады. Осы жылғы гастрольдеріміздің бәрі біздің театрдың 100 жылдық мерейтойына арналады. Бізге осы мемлекетке келген ұнайды және келесі жылы да қуана келеміз. Біздің жұмыс – спектакль көрсетіп, гастрольге шығу», - дейді Евгений Вахтангов атындағы мемлекеттік академиялық театрдың директоры Кирилл Крок елордада өткен баспасөз конференциясында.

Ресейдің ең танымал драма театрларының бірінің әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарына 8-9 қаңтарда А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан көріністер көрсетсе, 10-11 қаңтар күндері А.П.Чеховтың «Дядя Ваня» спектальін ұсынбақ.

Спектакльдер «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында сахналанбақ.

Бұл ретте Туристік қызметті қолдау бойынша Федералды орталықтың бас директорының орынбасары Владимир Черкасов аталған орталықтың 2016 жылдан бері қазақстандық театрлармен ынтымақтасып келе жатқандығын атап өтті.

«Ауқымды гастрольдер» бағдарламасын Федералды орталық жүзеге асырады.

«Біз шетелдік бағдарламаны 2015 жылдан бері жүзеге асыра бастадық. Іске асырылған сәттен бастап Қазақстан біздің белсенді серіктесіміз болды. Бағдарлама жақын шетелдердегі орыс тілді театрларды қолдауға бағытталған. Қазақстанмен ынтымақтастық туралы айтар болсақ, біздің Қазақстандағы алғашқы серіктесіміз Алматыдағы М.Лермонтов атындағы орыс драма театры болды. Өткен жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы да бағдарламаға енгені қуантады», - деді Владимир Черкасов.


Соңғы жаңалықтар