Ресейдің ең қарт тұрғыны өмірден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің ең ұзақ жасаған қарт тұрғыны, Ингушетияда тіршілік кешіп жатқан Аппаз Илиев 123 жасында қайтыс болды, деп мәлімдеді аймақ басшысы Юнус-Бек Евкуров.

«Аппаз Лоросұлы екі дәуірді бастан кешті, 8 бала, 35 немере және 20 шөбере өсірді. Әрқашанда жайдары, өмірге құштар жан болатын. Өзімен бірнеше рет кездескенімде осыған көзім жетті», деп жазды Евкуров өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Өңір басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, дүйсенбіде ұзақ жасаушы қария Ингуш республикалық клиникалық ауруханасына қатты ауырып түскен.Содан есін жия алмаған.

Илиев 1896 жылы 1 наурызда Ингушетияның таулы Джейра ауданындағы Гули елді мекенінде дүниеге келген.

Бұған дейін Ингушетия билігі оның ғаламшардың ең қарт тұрғыны атануы үшін тиісті құжаттарды дайындаумен айналысатындықтарын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар