Ресейдің де, Қазақстанның да паспорты бар азамат елден шығарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ресей азаматы Т.-ға қатысты ҚР азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Істің мән-жайынан белгілі болғаны, Т. 2020 жылдың тамызында ҚР азаматтығына ие болып, Ресей Федерациясының азаматтығын алған, бірақ 30 күнтізбелік күн ішінде ҚР ішкі істер органдарына немесе шетелдегі мекемелеріне шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламаған және ҚР паспортын және жеке куәлігін тапсырмаған.

«Сотта Т. кінәсін мойындап, заңның талаптарын білмеуіне байланысты бұзушылыққа жол бергенін түсіндірді, өйткені Ресей Федерациясының азаматтығын алу үшін ол ҚР азаматтығынан бас тарту туралы өтініш жазған және оны жеткілікті деп санаған. Бұл фактіні полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері 2023 жылғы қаңтарда Астана қаласының халықаралық әуежайында көліктік бақылаудан өту кезінде анықтады. «ҚР азаматтығы туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алса, ҚР азаматтығы жойылады», - деп жазды Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не ҚР шегінен әкімшілік шығарып жіберуге әкеп соғады.

Сот қаулысымен Т. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған ҚР шегінен әкімшілік шығарып жіберу түрінде жаза қолданылды.

Сот шешімі шығарылған күннен бастап заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар