Ресейдің бас мүфтиі мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін әлемнің барлық мұсылмандары өздерінің бас мерекелерінің бірі - Құрбан айт мерекесін атап өтуде. 1 қыркүйек Адыгей, Башқұртстан, Татарстан және бірқатар Солтүстік Кавказ елдерінде ресми турде демалыс күні деп жарияланды. 2 млн  мұсылман тұратын Мәскеу және Мәскеу маңында мерекелеу және құлышылық шаралары 39 алаңда өткізілуде, олардың қатарында ең ірі көлемдегі басты шаралар  Мәскеу собор мешітінде аталып өтіп жатыр.

Ресейдегі мүфтилері кеңесінің басшысы Равиль Гайнутдиннің қатысуымен Ресей астанасы собор мешітіндегі мерекелік намазға қатысуға шамамен 300 мың мұсылман келді. Барлық мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап Ресей мүфтилері кеңесінің басшысы Равиль Гайнутдин сөз алды.
null 

«Құрметті менің бауыр-қарындастарым, қадірлі діндестерім, отандастарым. Бүгін күллі ислам әлемі Ислам Ид Әл-Адханың Құрбан байрам мерекесін атап өтуде... Бүгін біз халықтар арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық болуын, діндер арасында конструктивті диалог болуын тілеп жалбарынамыз. Алла тағаладан бейбітшілік, тыныштық және тұрақтылық беруін тілейміз», - деді Гайнутдин. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар